Үлкен Алматы көлі


Жүректі дүрсілдетер мекен

Сұлулығына көз тоймайтын көл сүгіретті Тянь-Шань тауларының ортасында, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан. Ғалымдардың жорамалдауынша, су айдыны мыңдаған жыл бұрынғы жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған. Алматыдан 15 шақырымдай жүрсеңіз, табиғаттың ертегі секілді ғажап туындысына жетесіз.
Сенесіз бе...
Су үнемі түсін өзгертеді - көгілдірден көк-жасылға дейін.

Көлдің тылсым табиғаты

Көлдің күні бүгінге дейін сыры ашылмаған құпияларының бірі — оның түсінің үнемі өзгеріп отыруы. Зеңгір-көкшіл көл кейде қою көк-жасыл түске боянады. Басын ақ қар мен мәңгі мұздықтар жапқан асқар таулар, көпғасырлық биік қарағайлар, табиғаттық мүлгіген тыныштығы, айдын шалқардың бетінде ойнақтаған күн сәулесі... Осының барлығы қосыла келе, ұмытылмастай әсер қалдырады. Оны міндетті түрде барып көру керек.

Сұлулық артық зат талап етпейді

Көл аса үлкен емес, оның жағалауының ұзындығы шамамен 3 шақырымдай, ал тереңдігі 40 метр келеді. Көл 1,6 шақырымға созылып жатыр, ал ең кең жері 1 шақырымға дейін жетеді. Қыста көлдің аумағы шағынданады, ал тамыз айында көлдің беті 20 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Көлді жан-жағынан биік-биік тау шыңдары қоршап тұр. Олардың ішіндегі ең танымал шың — Турист (3954 м), Озерный (4110 м) және Советтер шыңы (4317 м).

Көлік

Жеке көлікпен

Жол шамамен бір сағатқа созылады.

28

Президенттік парктің алдындағы аялдамадан (Навои көш.)

Жаяу

№28 автобустың соңғы аялдамасынан

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Такси

Президенттік парктің алдындағы аялдамасынан такси жалдасаңыз болады.

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау