Велосеруендер


ВелоАлматы

Велосипед тебу — ең танымал жазғы спорт түрлерінің бірі. Әсіресе, біздің әкім Байбек велосипедті ерекше ұнатады. Сондықтан ол бүкіл қаланы арнаулы веложолақтармен толтырды. Оның ең үлкені Абай даңғылынан өтеді, қалғандары бүкіл қаланы аралай тарам-тарам болып жатыр. Әсіресе, Тұңғыш Президент немесе Горький саябақтарында велосипед тебудің қызығы ерекше. Сондай-ақ көптеген заманауи кеңселер де велосипедке арналған тұрақтармен жабдықталған.

Бүкіл қалаға қамқорлық

Велосипед — экологияның нағыз досы. Алматының үстінде қалқыған түтінді естіген шығарсыз, қаланы қоршап тұрған таудың үстінен оны көріп, көзіңізге еріксіз жас та үйірілген болар. Іле Алатауының құшағында орналасқандықтан, жел қаланың үстіне көтерілген түтінді ұшырып әкетпейді, ал газдың бәрі оңтүстік астананың үстінде қалқып тұра береді. Сондықтан, Сіз машинаға емес, экологияға зиянсыз велосипедті пайдаланған сайын қаланы тазартуға үлесіңізді қосасыз.

Қалалық велопрокат жүйесі

Қалада веложолдар жүйесінен тыс, жеткілікті мөлшерде велопрокат жүйесі де бар. Велосипедті жалға беретін жекеменшік орындардан тыс, үлкен муниципалдық AlmatyBike велопрокат жұмыс істеп тұр. Әсіресе, соңғысы ерекше қуантады. 200-ден астам станса және 1280 велосипед, карта арқылы қолайлы төлем жасау жүйесі, бағасының өте арзандығы, тіпті арнаулы қосымша — үкімет қалалықтардың денсаулығын сақтауы үшін бар жағдайды жасаған.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау