ВелоАлматы

Велоспорт – ең танымал жазғы спорт түрі. Алматы қаласының әкімдігі бұл спорт түріне қолдау көрсетеді, сондықтан бүкіл қала арнайы веложолдармен жабдықталған. Ең үлкені Абай көшесінің бойында, ал кішілері қала бойынша шағын түрде шашыранды орналасқан. Әсіресе, Тұңғыш Президент саябағы немесе Горький саябағы сияқты үлкен саябақтарда серуендеуге ыңғайлы және көптеген заманауи кеңселер велосипед тұрағымен жабдықталған.

Бүкіл қалаға қамқорлық

Велосипед — экологиялық таза көлік түрі. Алматының үстінде қалқыған түтінді естіген шығарсыз, қаланы қоршап тұрған таудың үстінен оны көріп, көзіңізге еріксіз жас та үйірілген болар. Іле Алатауының құшағында орналасқандықтан, жел қаланың үстіне көтерілген түтінді ұшырып әкетпейді, ал газдың бәрі оңтүстік астананың үстінде қалқып тұра береді. Сондықтан, сіз көлікті емес, экологияға зиянсыз велосипедті пайдаланған сайын қаланы тазартуға үлесіңізді қосасыз.

Қалалық велосипедті жалға алу жүйесі

Жол жүйесінен басқа, қалада велосипедті жалға алудың кең жүйесі бар. Велосипедті жалға беретін жекеменшік орындардан тыс, үлкен муниципалдық AlmatyBike велосипедін жалға алу жүйесі жұмыс істеп тұр. 200-ден астам станция және 1280 велосипед, карта арқылы қолайлы төлем жасау жүйесі, бағасының өте арзандығы, тіпті арнаулы қосымша — үкімет қалалықтардың денсаулығын сақтауы үшін бар жағдайды жасаған.

Сондай-ақ қараңыз