Historical reference

From the mid-19th century, this street was one of the key places in the life of the city of Verny. In Soviet times, it was Arbat that was the center of youth meetings, the heart of all city events and the favorite leisure zone for weekends. After turning the Panfilov street into the pedestrian zone, Arbat seemed to have been reborn — even on a cold winter evening, you can meet Almaty citizens or city guests taking a walk.

The heart of cultural life

You can find just about anyone on the Arbat – magicians and musicians, artists and dancers … It’s never boring, and life is in full swing at any time of the day. This is where the annual summer festival of contemporary art ArtBatFest takes place, when right on the street you can see unusual sculptural installations or performances of city theaters. In the summer, bright flash mobs and art band performances often take place on the Arbat, and cheerful young people sing songs with a guitar.

Тарихи анықтама

ХІХ ғасырдың орталарында-ақ бұл көше сол кездері Верный аталған қала өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Кеңестік кезеңде жастардың сүйікті мекені, қала өміріндегі барлық айтулы оқиғалардың орталығы, қалалықтардың демалыс күндері серуендейтін сүйікті мекені болды. Панфилов көшесінің жаяужол аймағына айналдырылуы Арбатқа екінші өмір сыйлады деуге болады. Тіпті қыстың аязды күндерінде де Арбаттан адамдардың қадамы үзілмейді. Мұнда серуендеп жүрген қалалықтар немесе қала қонақтарын кез келген уақытта кездестіруге болады.

Мәдени өмірдің жүрегі

Арбатта кімді кездестірмейсіз — фокусшылар, әншілер, суретшілер, бишілер… Мұнда ешқашан іш пыстыратын уақыт болмайды. Қашан келсеңіз де қайнаған өмір, құжынаған жұрт. Қазіргі заман өнерінің жыл сайын өтетін ArtBatFest жазғы фестивалі дәл осы жерде болады. Фестиваль кезінде көшенің өн бойын алып жатқан таңғажайып мүсін өнері туындыларын, қала театрларының өнерін тамашалауға болады. Жазда Арбатта көптеген флэшмобтар, өнер топтарының қойылымдары жиі болып тұрады, гитарамен ән шырқап, би билеп жүрген көңілді жастар күнде думанды қыздыра түседі.

Айналадағы инфрақұрылым

Көшені жағалай: екі ірі сауда орталығы — ЦУМ және Пассаж, екі кинотеатр — Lumiera Cinema және Цезарь орналасқан. Сансыз көп кітап, сән, зергерлік бұйымдар дүкендері, кофеханалар, мейрамханалар осы маңға шоғырланған. 2017 жылы көшеде ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілген соң, жасыл Арбат бұрынғысынан да қолайлы демалыс орталығына айналды. Төңіректей орналасқан орындықтар мен балалар алаңдары да көбейе түсті.

See also