Рафтинг


Экстрим, бірақ жайбарақат

Рафтинг — тау өзендерінде рафт қайықтарымен жүзуге негізделген экстремалды көңіл көтерудің бір түрі. Дегенмен оның экстремалдылығы салыстырмалы ұғым, ол Сіз таңдайтын бағдарға байланысты. Онша асау емес өзендердегі рафтингке, тіпті кішкентай балаларды да (әрине, үлкендердің қабатында) алып жүруге болады.

Өз күшіңізді сынап көріңіз

Қайықтарға кем дегенде 4 адам сыяды. Сол төртеудің бірі, міндетті түрде инструктор болады. Тау-тасқа соқтығыса аққан асау өзенді бағындыруға ұмтылу челленджі бойыңызды ерекше сезімдерге бөлеп, ұмытылмастай әсер қалдырады.

Алматы облысындағы танымал бағдарлар

Алматылық рафтерлер көбінесе Іле, Шілік, Түрген өзендеріне барғанды жөн санайды. Спорттың осы түрінен жиі чемпионаттар өткізіледі. Рафтинг тимбилдингке шыққандардың сүйікті ойындарының бірі болып табылады. Ірілі-ұсақты компаниялардың қызметкерлері өзара жарысып, көңіл көтереді. Жарыс жолының орташа қашықтығы 2 шақырымнан 5 шақырымға дейін жетеді.
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау