Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жеті он жылдықтан астам кәсіби музыканттарды даярлауды жүзеге асырады. Еуропа және Ресей консерваторияларымен салыстырғанда жасы шамалы, алайда оқиғалық қанықтылығы мен даму қарқыны бойынша оның тарихы бүкіл дәуірді шоғырландырды. Мұнда тұңғыш шығармашылық жоғары оқу орнының, кәсіби музыкалық білім берудің барлық жүйесінің қалыптасуы ғана емес, сондай – ақ еліміздің-Қазақ КСР-нің, содан кейін егемен Қазақстанның тарихы да көрініс тапты.

Қазақстанның тәуелсіздік және егемендікке қол жеткізуімен консерваторияға «Қазақ ұлттық жоғары оқу орны» мәртебесі берілді. Осылай, музыкалық білім берудің бәсекеге қабілетті қазақстандық үлгісін құру бойынша міндеттердің сапалы жаңа деңгейі, сондай-ақ мемлекеттің мәдени және саяси басымдықтарының қатарына жоғары оқу орнының қатынасы белгіленді.

Сондай-ақ қараңыз