The Ritz-Carlton, Almaty — Алматының орталығындағы сәнді қонақ үй. Ол өзінің жоғары деңгейлі қызметімен, қаланың және тау шыңдарының панорамалық көріністерімен алдыңғы қатарлы нөмірлерімен, гастрономиялық шедеврлерден ләззат алатын мейрамханаларымен танымал.
The Ritz-Carlton, Almaty өзінің талғампаз интерьерімен көз тартады. Көшпелі мәдениеттің шынайы элементтері, сондай-ақ заманауй өнердің арт-нысандары терең көрсетілген. Бұл қонақтарға өңірдің өзіндік сән-салтанаты мен мәдени мұрасының атмосферасына ену арқылы ерекше тәжірибені құрайды.
The Ritz-Carlton, Almaty қонақ үйінде 145 нөмір бар. Қонақтарға клубтық қонақ үй — «элиталық қонақүйдегі элиталық қонақ үй», тамаша спа және сауықтыру орталығы, фитнес-орталығы, 500 адамға арналған Ballroom, Vista және Seven мейрамханалары, Sky lounge bar, жоғары дәрежелі конференц-залдары ұсылады. Қонақ үй Алматы халықаралық әуежайынан 15 км қашықтықта, қаланың әкімшілік орталығы, оның мәдени, тарихи көрікті жерлері 10 минуттық жерде орналасқан. Ал жарты сағатта атақты «Шымбұлақ» тау курортына баруға болады.