THE ICONIC CREATOR AWARDS 2026

11 қарашада Алматыда Орталық Азияның креатив индустриясы өкілдері бас қосады. Almaty Arena алаңында THE ICONIC CREATOR AWARDS 2026 – Еуразиялық креатив индустриясы премиясы өтеді.

Премия Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның музыка, кино, медиа, дизайн, сән, сәулет, ойын индустриясы және креативті технологиялар саласының өкілдерін біріктіреді.

Бағдарламада 15 бағыт бойынша 100 негізгі және 9 арнайы марапат, әртістердің өнер көрсетуі, шығармашылық жобалардың таныстырылымы және кәсіби байланыс орнатуға арналған кездесулер қарастырылған.