Тамаша музыка-жақсы кештің Кепілі

Алматыда достармен жиналып, жанды ән тыңдауға арналған жерлердің көптігі соншалық, мұндай мекемелердің тізімін жасаудың өзі оңай емес. Біз әрбір демалыстан соң, ұнамды әсерлер қалуы тиіс деп санаймыз, сондықтан сахнасында жанды музыка ойнап, үстелінде дәмді тағамдары әзір тұратын дәмханалар мен мейрамханалардың тізімін жасадық.

Soho bar-concert & meat

Авторлық асхананың тағамдарын ұсынатын мейрамханада ет мол, атмосферасы ерекше, қаланың үздік музыкалық топтары күнде осы жерде концерт қояды. Әркім soul, rock, jazz, blues сияқты жанрлардың ішінен өзі қалаған әнді таңдайды. Мұнда өнер көрсететін топтардың арасында: Sunrise Live Band, The Madisson, Latino Guns, тағы басқаларды атап көрсетуге болады.d others.

«Танцы» бары

Биі бар бар және бары бар би. Жұма және сенбі сайын Алматының үздік кавэр-бэндтері осында. Олардың арасында: Komancheros crew, Bacardi live band, Latino guns, A project, Galantus, тағы басқалар бар. Ди-джейлер: DJ’s, Rees, Naiky, ПономарёFF және Mishin. Концерттік дауыс, тамаша сервис эәне дәмді тағамдар — көңілді кештің ерекше формуласы.

Guinness Pub

Guinness Pub-та лайф-бэндтердің алуан түрі ойнайды. Олардың арасында көпке танымал: Angry Ants, «Эйнштейн», RockFeller Band, Komancheros Crew, Рома Рей и Midnigt Band, Bacardi live бар. Жуық арадағы қойылымдардың кестесін пабтың ресми парақшасында танысуға болады. Guinness Pub — қаланың ерекше көрікті орны. Бұрыннан келе жатқан мерейлі пабтың сахнасында: Deep Purple, Dire Straits, Gorky Park, Uriah Heep, «Воскресенье» секілді роктың аңыздары өнер көрсетеді.day.

Yard House Pub

Адам аяғы үзілмейтін, жанды музыка концерттері қойылатын мекеме. Мұнда әдетте бейсенбіден сенбіге дейін тірі музыка ойнайды. Егер Сіз Yorkers және BeFlash секілді тамаша бэндтердің өнерін көргіңіз келсе, онда Yard House Pub-қа келіңіз. Бейсенбі сайын — сыраның жаңа сұрыптарының дәмін көру рәсімі ұйымдастырылады.

Панфиловтағы Harat’s Pub

Ирландтың дәстүрлі бары сыраның және дәмі тіл үйірген тағамдардың алуан түрін ұсынады. Жұмадан жексенбіге деійн мұнда жанды музыка ойнайды. Мұнда: Angry Ants, Iron Band, Roxy Live Band, тағы басқа топтар өнер көрсетеді.

Музкафе

Блюз және джаз, фортепьяноның, халық музыкалық аспаптарының үні баурап алатын кештер — «Музкафедегі» көңілді кештердің бір бөлігі ғана. Билегенді ұнататындар үшін жексенбі күндері аргентиндердің тангосына арналған шаралар өтеді.

Блог