Алматыда 14-15 наурызда United MEDICAL TOURISM EXPO халықаралық медициналық туризм көрмесі басталады. Көрмеге 17 елден: Түркия, Польша, Греция, Германия, Израиль, Үндістан, Финляндия, Таиланд және т. б. медициналық мекемелер және сауықтыру орталықтарының өкілдері жиналады.

 

Сала мамандары денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу, тиімді емдеу саласындағы соңғы жетістіктерді, сондай-ақ әлемдік медицина секторында қолжетімді жаңа технологиялармен және қызметтермен таныстырады.

 

 

UNITED MEDICAL tourism EXPO-дан тағы не күтуге болады?

 

Әлемнің түкпір-түкпірінен 50+ қатысушы компаниялар;
4000 + келушілер;
спикерлер рөліндегі үздік сарапшылармен бай іскерлік бағдарлама;
байерлермен және медициналық туризм қауымдастықтарымен клиенттік базаны белсенді түрде кеңейтуге арналған қуатты желі.

 

Медициналық туризм саласындағы басты оқиғаның бір бөлігі болғыңыз келе ме? Билетті сілтеме арқылы алыңыз.

 

Көрме мына мекен-жай бойынша өтеді:
Алматы, Құрманғазы көшесі, 44, «Қабылдау үйі».

Блог