Алматыда даңқты альпинист Анатолий Букреевтің күнделіктеріне негіздеп жазылған «Над облаками» кітабы таныстырылды. Кездесуге альпинистердің бірнеше буыны, таудың әуесқойлары, жұртшылық өкілдері жиналды. Анатолий Букреев өмірінің жұрт біле бермейтін фактілері туралы альпинистер — Ринат Хайбуллин мен Владимир Фролов, журналист әрі қазақстандық альпинистер туралы кітаптардың авторы Галина Муленкова әңгімелеп берді.

Букреев күнделіктерінің альпинистің құрбысы Линда Уайли өңдеген жинағының алғашқы таралымы мың данамен жарық көріп, қазірдің өзінде сирек кездесетін басылымға айналып үлгерді. «Над облаками» кітабына деген қызығушылық кітап жарық көргеннен біраз бұрын-ақ туындаған болатын. «Над облаками» кітабының алғы сөзін Қазақстанның 1997 жылы Эверестке ұйымдастырған экспедициясына қатысушылардың бірі Владимир Фролов жазды. Анатолий Букреев пен оның құрбысы Линда Уайли альпиниспен тағдырлас болып, шыңға көтерілерде үсіп қалған кезде емделуіне көп көмектескен еді. Қазақстан және дүниежүзілік альпинизмнің аты аңызға айналған өкілі Анатолий Букреев күнделіктерінің таныстырылымы «Visit Almaty» туристік ақпарат орталығында болды..

Блог