Тарих

Театр 2001 жылы Алматыда кәсіби актерлер мен режиссерлер ұжымымен құрылған. Қазақстандағы тұңғыш әрі мемлекеттік емес жетекші театр.

Өзінің 20 жылдық тарихында ARTиШОК Алматының бір ажырамас бөлігіне, нағыз қаланың мың бояулы көрінісін және еркін рухын көрсететін театрға айналды.

Театрдың репертуары мен жанры алуан түрлі – бұл әлемдік әдебиет негізіндегі қойылымдар, қазіргі заманғы, еуропалық, қазақ және орыс драматургиясы, музыкалық қойылымдар, балалар мен жасөспірімдерге арналған спектакльдер.

ARTиШОК өзіндік драматургиясы, тақырыптары бар бірегей «авторлық театр». Театр өз спектакльдері арқылы — адамды, құбылыстарды, қарым-қатынастары, оқиғаларды, құжаттар мен өмірбаяндарды, сонымен қатар уақытты зерттейді.

ARTиШОК театрының қойылымдарының көпшілігі актерлық импровизация әдісі арқылы қойылады.

 

Біз халықаралық кәсіби тәжірибеге назар аудара отырып, Қазақстанда жаңа театрлық формалар мен бағыттарды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс атқарамыз.

Сондай-ақ қараңыз