Қаладағы ең үлкен саябақ

Саябақ жасыл желекпен көмкерілген 73 гектар аумақты қамтиды. 11 мыңнан астам ағаштар мен бұталар, гүлдер мен шөптердің сан алуан түрін осы жерде кездестіресіз. Дәстүрлі емен аллеялары, экзотикалық «Жапон бағы», гүлзарлар, пикник ұйымдастыруға болатын көгалдар саябақты қалалықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналдырған. «Алматы — гүлдер қаласы», «Қуыршақтар карнавалы», «Алма фестивалі» секілді шаралар кезінде саябақтағы өмір ерекше қайнайды.

президентский парк

Қаланың өзі шабыт берген саябақ

Саябақтың атына қарап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынғанын аңғару қиын емес. 2001 жылы басталған құрылыс жұмыстары 10 жылға созылды. Саябақ құрылысшыларына шабыт берген басты идея Алматының табиғи ландшафтының ХХІ ғасырдың ғылыми жетістіктерімен үйлесім табуы болды. Саябақ қаланың екі ірі қан тамыры: әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің түйіскен жерінде орналасқан. Оған қоғамдық көлікпен де, жеке автомобильмен де оп-оңай жетуге болады.

<h3>Саябақтың ландшафт картасы</h3>
Саябаққа кіреберісте келушілерді алып субұрғақ күтіп алады. Кешкісін алуан түске боянатын фонтан оңтүстік астанадағы ең үлкен субұрғақ болып табылады! Гүлмен көмкерілген аллеяны аралай ары қарай жүре берсеңіз, қайыңды, шыршалы ормандарды, жасыл алаңдарға жетесіз. Саябақтың оңтүстік батыс бұрышындағы күркенің шолу алаңынан Тянь-Шань тауларының мұнартқан шыңдарын, тау баурайындағы нағыз табиғат туындыларын, тіршілік қайнаған қаланы тамашалауға болады.

Сондай-ақ қараңыз