Қалалықтардың сүйікті «курорты»

здание бани Арасан

Арасан қатардағы моншалардың бірі емес, ол қала тарихының маңызды бөлігін бүгіп жатыр. 1984 жылдан бері республикалық маңызы бар ескерткіш қатарына қосылған монша кешені күніне 2,5 мың адамға дейін қабылдай алады. Кешен 12 павильоннан тұрады. Жалпы, бір уақытта кешенге 230 әйел және 270 ер адам сыяды.

Кешеннің ішкі сипаты

Монша ғимаратының қасбеті таңғажайып архитектуралық шешімімен ерекшеленбегенмен, ішіне кірген адам оның мейлінше сәулетті екенін көреді. Кешенде ерлер және әйелдер бөлімдері, әр бөлімде моншаның үш түрі: орыс, фин және түрік моншалары бар. Бұдан тыс, Арасанның артезиан ұңғымасынан алынған таза суы бар бассейндер бар, сан түрлі сауықтыру және SPA сервистері көрсетіледі.

баня арасан внутри

Кешеннің инфрақұрылымы

Арасанға «дайындықсыз-ақ» келуге болады. Өйткені кешеннің шағын маркетінен өзіңізге қажеттінің бәрін таба аласыз. Көпшілік болып келгенді ұнататындар жалпы залдардағы буға түсуіне болады, ал шағын топпен келетіндер өздеріне оқшау нөмірлерге тапсырыс беруіне болады. Сұранысыңызға қарай: ылғалды немесе құрғақ бу, денсаулыққа пайдалы процедуралар, массаж — келушілер үшін көрсетілетін сапасы жоғары сервистер дайын.

Сондай-ақ қараңыз