Дінмұхамед Ахметұлының жеке басына қызығушылықтың артуының бір себебі, оның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, өзі тұрған үйде 2012 жылдың қаңтарында мемориалдық пәтер-музейдің ашылуы болды. Мұнда келушілер осы ұлы тұлғаның екінші қырымен өмірімен және тұрмысымен таныса алады. Көптеген кәдесыйлар және түрлі бағалы сыйлықтар оның болған қалаларын және елдерін растайды, әрине,оның  кездестірген, жұмыс істеген және дос болған адамдары туралы айтады. Д. А. Қонаев пәтерде 1969 жылдан 1993 жылы қайтыс болғанға дейін тұрған. Музейдің құндылығы ол тұрған үйдің интерьерінің толықтығы мен шынайылығында жатыр. Қойылған заттар Дінмұхаммед Ахметұлының қандай қарапайым және сыпайы  адам болғаны, немен айналысқаны, қалай демалғаны туралы түсінік береді. Мемориалды пәтер-музей пәтерлік тұрғын үйде орналасқан, онда көршілері түрлі кезеңдерде елімізге танымал Асанбай Асқаров, Нұрсұлтан Назарбаев, Сұлтан Жиенбаев, Николай Лященко және тағы басқалары болған. Д. А. Қонаевтың пәтері қонақ бөлме, жатын бөлме, ас үй және жеке кабинеттен тұрады.

Қонаевтың пәтеріндегі музыкалық пластинкалардың ішінен Владимир Высоцкийдің, Майкл Джексонның, «Битлз» тобының альбомын және басқа да заманауи орындаушыларды кездестіруге болатын әуечсқой  фактілер болып табылады. Мұсылмандар үшін қасиетті Құран кітаптарының саны да таңқаларлық. Түрлі басылымдардағы Құранды Зухра Шәріпқызы Қонаева (Д.А. Қонаевтың жары) жиі сатып алып және ол өзі Құранды мұсылман елдеріне шетелдік іссапарларға барғанда алып келіп отырған. Музейге келушілер Д.А. Қонаевқа Қазақстан тұрғындары және еңбеккерлері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті саясат, мәдениет, ғылым қайраткерлері берген көптеген кәдесыйларды және басқа да бағалы сыйлықтарды көріп,таныса алады.

Сондай-ақ қараңыз