Ғимарат XIX ғасырдың ортасында Верный қаласының ақсақалы Сейдалинге арналған тұрғын үй ретінде салынған. 

1887 жылдың жер сілкінісінен кейін ғимарат қалада сақталған ғимараттардың бірі болды. Қала ақсақалы Сейд Ахмед Сейдалин зардап шегушілерге киіз үй, ыстық тамақ, баспана беріп көмектескен. 1917-1919 жылдары ғимаратта РК(б)П облыстық ұлттық бөлімі орналасқан. Бұл үйде Верный қоғамының түрлі іс-шаралары өтті. Мұнда балаларға арналған рождестволық шыршалар, айтулы оқиғаларды мерекелеу өткізілді. Сонымен қатар, Жетісу облысы әскерлері штабының капельмейстері болып келген италиялық Лука Ланжели хор мен оркестрге басшылық етті. Оның арқасында Верный тұрғындары Дж.Россини мен А.С.Даргомыжскийдің, Дж.Верди және П.И.Чайковскийдің, Р.Леонкавалло мен М.Глинканың тамаша опералық шығармалармен танысты. Кейін комиссариаттың баспасөз бөлімі осы жерде «Еңбек халқының жаршысы» атты қазақ тіліндегі алғашқы газетін шығарды. Кейін газет «Ұшқын», содан кейін «Жетісу» деп аталды. 1980 жылы ғимарат сәулетші Ж.Шайкеновтің жобасы бойынша қалпына келтірілді. 1980 жылы «Қазақ КСР қазақ халық музыкалық аспаптарының республикалық музейі» ұйымдастырылды (1980 жылғы 1 тамыздағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен ұйымдастырылды).  Музейдің ашылуы 1981 жылдың 24 сәуірінде өтті.

Сондай-ақ қараңыз