Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейі Алматы қаласындағы, демек, Қазақстандағы халық ең көп баратын музейлердің бірі болып табылады. Музей жұмысының мақсаты және міндеті – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктеді мұқият сақтау.Музейдің негізі – Д.А. Қонаевтың дүниеге келген сәтінен бастап өмірінің соңына дейін көрнекті мемлекет қайраткерінің өмірімен байланысты,  Қазақстан тарихының тұтас кезеңі туралы баяндайтын түпнұсқа құжаттар, материалдар, жеке заттар. Музей қызметкерлері Қонаевтың өмірі және қызметінің тарихи мұрасын зерттеу және көпшілікке тарату жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырады.

Музей Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 2001 жылдың қараша айында ашылды. Музей жұмысындағы ең бастысы-Д.А. Қонаевтың тарихи мұрасын сақтау және зерттеу, сондай-ақ мәдени-ағарту жұмыстары болып табылады. Музей екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші залда балалық және студенттік жылдарды баяндайтын материалдар, сондай-ақ Дінмұхаммед Ахметұлының еңбек жолының басталуына байланысты құжаттар ұсынылған. Екінші залдың экспонаттары оның саясаткер, ғалым және ірі мемлекет қайраткері ретінде баяндайды. Мұражай қорында үш мыңға жуық экспонат бар.

Сондай-ақ қараңыз