Бауырмал ғимарат

Алматылықтардың өз қаласын сүйгені соншалық, оған арнап жеке музей де салып алған! Музейдің бір кездері Верный балалар баспанасы болған ғимараты, оңтүстік астананың ежелгі замандардан күні бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертетін алуан түрлі экспонаттары келушілердің бәріне бірдей қызық. Әрі музейдің альпинизм, бейбітшілік және келісім, қаланың ұлт лидерімен қатынастары тақырыптарына арналған залдары да есігін ашып тұр.


Заманнан-заманға саяхаттаңыз

Музейдің 40 000-нан астам экспонаттары 11 кезеңге бөлінген. Олар «Ежелгі тарихтан» басталып, «ХХ ғасырдағы Алматымен» аяқталады. КСРО ыдырағаннан кейін құрылған алғашқы музейлердің бірі болғанмен, қысқа мерзімде қала және оның тұрғындарының өмірі туралы айтарлықтай мол материал жинай алды. Фотосуреттер, жеке бұйымдар, картиналар, құжаттар, т.б. музейдегі әрбір элемент тарихтың бір бөлігіне айналған.

Төңірекке үлгі болған

Музей басшыларының пікірінше, біздің қала төрткүл дүниеге танымал болуға лайықты. Сондықтан да экспонаттар коллекциясы үнемі әлемді шарлап, қаламызды Ресей, Украина, Қытай, Оңтүстік Корея, т.б. елдердің тұрғындарына танытады. Бұдан тыс, музейде үзбей өткізілетін лекциялар, көрмелер, танымдық бағдарламалар, халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдердің бәрі де қаланың тарихына барынша көбірек адамдардың назарын аудару мақсатын көздейді.

Сондай-ақ қараңыз