Алматы музейі 2002 жылы құрылған, бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан. 11 залда Алматы қаласының тұтастай тарихы сақталған: сіз мұнда келу арқылы оңтүстік астананың әр кезеңдегі тарихымен таныса аласыз: «Ежелгі Алматы тарихы», «Ортағасырлық Алматы тарихы», «Қазақ мемлекеттілігінің бастауында», «Алматы қаласының Верный кезеңі», «ХХ ғ. Алматы» және т.б.

Музей қорында 35 мыңнан астам экспонат бар. Олардың ішінде – бейнелеу өнері туындылары, қазақ этнографиясының бірегей жинағы, сондай-ақ қазіргі таңда Алматыда тұрып жатқан халықтардың этнографиялық бұйымдары, түрлі дәуірлер мен мәдениеттердің тұрмыстық заттары, нумизматикалық, фото және құжаттар коллекциясы бар. 

Сондай-ақ қараңыз