Домбыра мектебі – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде іске асырылған әлеуметтік жоба. Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жастағы балаларды жыл бойы тегін домбыра ойнауды үйрету. Мектеп ғимараты кәсіпкер – Сәкен Мейрбековтің демеушілік қаражат есебінен күрделі жөндеу жұмыстары арқылы қараусыз қалған ғимараттың орнына ашылған. Ішкі бөлігі кәсіпкер, Жетісу ауданының тұрғыны – Айнұр Жұмаш демеушілік қаражатымен жабдықталған. Домбыра мектебі 2020 жылдың тамызында ашылған. Сондай-ақ, домбыра мектебінің жанында биіктігі 2 метр құрайтын домбыра түріндегі мүсін орнатылды.

Блог