Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақ жаяу серуендеу үшін ашық, демек, жүгіру үшін бұдан жақсы орынды табу мүшкіл. Егер Сіз серуендеу кезінде табиғатпен тыныстас болуды қаласаңыз, бақ Сіз үшін таптырмас орын болмақ. Айта кетейік, бақтың аумағы айтарлықтай үлкен, сондықтан жүгірер жолыңызды алдын ала бағдарлап алғаныңыз дұрыс. Таза ауадан тыс, бақта алуан түрлі жануарларды — тиіндерді, қырғауылдарды, басқа да құстарды көруге болады.

Тереңқұр

Тереңқұр — денсаулықтың соқпағы. Осы соқпақпен жаяу серуендеп, денеңізді шынықтырсаңыз, денсаулығымды тамаша тәсілмен нығайта түстім дей беріңіз. Алматыдағы тереңқұр кіші Алматы өзенінің жағасында орналасқан. Ол «Арман» кинотеатрының арт жағынан басталып, Сізді тауға дейін апарады. Оның ұзындығы 4500 метрге жетеді. Тереңқұр несімен ерекше? Мұнымен жүгіру кезінде Сіз қаланың: асқар таулары, «Арман» кинотеатры, арқанжол, Оқушылар сарайы, Республика сарайы, Кіші Алматы өзенінің жағалауы, Luxor мұз айдыны аренасы, Көктөбе телемұнарасы секілді көрікті орындарын көресіз.

Хамит Ерғали жағалауы

Сіз әлі Хамит Ерғали жағалауымен серуендемеген болсаңыз, асығыңыз, мұнда жүгірген өте ыңғайлы. Тек бір ғана жайды қатаң ескеріңіз, жағалау қозғалыс қайнаған бірнеше көшені қиып өтеді.

«Динамо» стадионы

Стадионның қаланың ортасында орналасқаны оны Алматының көпшілік тұрғындары үшін қолжетімді етеді. Бұл өзі ескі стадиондардың бірі, дегенмен күнде таңертең және кешкісін ондаған адам осында келіп, денесін шынықтырады, спортпен айналысады. Стадионда тыныстауға арналған орындықтар мен ет қыздыруыңыз үшін тренажерлар да жеткілікті. Ескерте кетейік, стадионға мүмкіндігінше таңертең және кешкісін барған жөн, әйтпесе, күн ортасында спорт командаларынан босамауы мүмкін.

Тұңғыш Президент саябағы

Таза ауада жүгіруге қолайлы орындардың тағы бірі — Тұңғыш Президент саябағы. Саябақта өте қолайлы жүгіру жолақтары бар. Гүлзарларды аралай жүгіруді ұнататындар осында келуі тиіс. Бұдан тыс, саябақта демалыс алаңдары, жақсы автотұрақ та бар. Бұған қарлы шыңдары мұнартқан биік таудың көріністерін қосыңыз, қысқасы, саябақ — жүгіруге қолайлы-ақ!

Медеудегі баспалдақ

Th«Денсаулық» баспалдағы — осы. Жыл сайын мұнда жаппай жүгіру жарыстары өтіп жатады, ол төзімділігі мен күшін байқап көргісі келетіндер үшін нағыз сынақ. Мұндағы «жүгіру» қашықтығы метрмен емес, басқышпен өлшенеді — баспалдақ 841 басқыштан тұрады! Мұндай «қашықтықты» бағындыруға екінің бірінің батылы бара бермейтіні анық. Ал Сіз өзіңізді сынап көріңіз!

«Атакент» аумағындағы саябақ

Жүгіруге қолайлы бағдарлардың тағы бірі — «Атакент-Экспо» халықаралық көрмелер компаниясының аумағындағы саябақта. Бұл жердің айрықша ерекшелігі — қаланың қақ ортасында орналасқандығы.

Блог