Конькиге деген сүйіспеншілік

Коньки тебу барша алматылықтардың сүйікті қысқы ойын-сауығы. Мұндағы «қысқы» деген сөз тек шартты түрде ғана. Розыбақиев көшесіндегі Mega сауда орталығының мұз айдыны, тіпті жазда да ашық болады. Ол қалалықтарға бабын жоғалтпай, жаздың 30 градусқа дейінгі аптап ыстығында да мұз айдынында сайран салу мүмкіндігін береді! Алматылықтар мұз айдынына жұбымен, отбасымен, достарымен немесе жалғыз өзі де келе береді… Өйткені, коньки тебу олардың қанында бар!

Медеу — менің жүрегімде

Әрине, Алматыдағы ең танымал, тау биігіндегі мұз айдыны ол — Медеу. Демалыс күндері мұнда ине шаншарлық орын болмайды, тіпті аптаның ортасында да, әсіресе, кешкі уақытта жұрт осында ағылып келеді. Алматылықтар айтпақшы, Медеуге келіп, танысыңызды кездестірмеу мүмкін емес. Коньки тебу маусымы қарашадан наурызға дейін жалғасады. Мұнда мерекелік шаралар, концерттер, ірі халықаралық жарыстар өтіп жатады.

Қаладағы танымал мұз айдындары

Әрине, Алматыда, тіпті, қала ішінде де көптеген мұз айдындары бар. Қыста шағын аудандарда, Ақсайда, Алматы мақта-мата комбинатының алдындағы алаңдарға мұз жасалады, VILLA Boutiques & Restaurants мейрамханасындағы және цирк алдындағы мұз айдындары, қысқа қарай Тұңғыш Президент саябағының алдында да мұз айдыны ашылады. Бұлардан тыс, Халық Арена және Алматы Арена кешендерінде де үлкен үсті жабық мұз айдындары бар. Мұнда кәсіби спортшылар жаттығу жасайды.

Мекенжайлары

MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы: Розыбакиев к-сі, 247А
Медеу мұз айдыны: Керей-Жәнібек Хандар к-сі, 465
Алматы Арена мұз кешені: Нұркент шағын ауданы, 7
Халық Арена спорт кешені: Құлжа трактісі, 2Д

Сондай-ақ қараңыз