Жолсызбен жүріп адреналин алыңыз

Доңғалақтар үшін еркіндік жол аяқталған жерден басталады! Жолсыз жердің нағыз королі болуыңызға багги және квадроциклмен көңілді серуендеу мүмкіндік береді. Ойлы-қырлы жермен жүресіз бе немесе табиғаттың таңғажайып көріністерін тамашалай жай ғана серуендейсіз бе — өзіңіз таңдаңыз. Серуендеудің дәл осы түрі балаларға да, зейнеткер ата-әжелерге де бірдей қызықты.

Басқару оп-оңай

Мұндай серуендеу арнайы кәсіби дағдылардың болуын талап етпейді. Оны басқару үшін қажетті нұсқаулықты сол жердің өзінен аласыз. Онымен танысып болған соң, 15 минуттың ішінде жолға шыға беруіңізге болады. Белгіленген қауіпсіздік техникасын сақтау жарақат алу қаупін жояды, ал арнаулы дулығалар мен киімдер құлап қалған жағдайда Сізді қорғайды.

Ешқандай ереже немесе шектеулерсіз

Осы көлік құралдарымен серуендеуге жалғыз өзіңіз де, рульді алма-кезек басқару үшін қасыңызға біреуді ерте баруға да болады. Іштегі жатқан экстремалға ұмтылған сезімдеріңізді сыртқа шығарып, қалаған бағытта жүйтки беріңіз — қалада бұлай жүрудің ешқандай мүмкіндігі жоқ. Бұл Сізді ұмытылмас әсерлерге бөлейді. Багги тек ересектерге арналған, ал квадроциклдерді балалар да жүргізе береді.

Baggydrom

Мекен-жайы: Алматы Бішкек трассасының 45-ші шақырымы. Тікелей Ташкент. Қаскеленнен 15 км жүріп өтіп, оң жақта “Жамбыл Ауданы” стенді тұр, одан кейін Синойл жанармай бекетінің жанындағы екінші айналым кері бағытта және оң жақта баннер Вулканизация, сол жерде оңға және қызыл үйге жетесіз.

Байланыс: +7 701 907 01 03 

Каскелен жырала

Сондай-ақ қараңыз