Алматы дельфинарийі

Дельфиндер

Нағыз теңізге бару бақыты бұйырмаған адамдар үшін мұхиттың бір бөлігі, яғни, тұзды су мен сүйкімді теңіз фаунасы – дельфиндер, итбалықтар және теңіз арыстандарымен бірге арнайы Алматыға әкелінді. Ақылды жануарлар керемет дарынды, олар балаларды да, ересектерді де қуанта алатын көптеген трюктерді біледі.

Шоу және одан кейінгі қызықтар

Nemo дельфинариіндегі бағдарлама ерекше. Ол біздің қала үшін арнайы дайындалды. Оның басты кейіпкерлері – Қара теңіздегі бөтелке мұрынды дельфиндер, олар шеңберден секіріп, адамдарды мінгізіп жүзу және басқа да өнерлерін көрсетеді. Шоудан кейін жануарлармен бірге суретке түсуге де, бірге жүзуге де болады, қаласаңыз бапкер ретінде жануарларды балықпен қоректендіре аласыз.

Қаланың экологиялық ағартуына қосқан үлесі

Дельфинарий тек ойын-сауық шоуларымен ғана айналысады деп ойласаңыз, қателесесіз. Ол қаланың мәдени-танымдық өміріне де өзіндік үлесін қосып келеді. Алуан түрлі лекциялар, экскурсиялар арқылы дельфинарий теңіз жануарлары туралы білімдерді таратып, табиғатты қорғау идеяларын, оны аялау қажеттігін насихаттап, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтереді.

Сондай-ақ қараңыз