Алматы Орталық Азиядағы басты тартымдылық орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымдылық орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді
Алматы Орталық Азиядағы басты тартымдылық орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Алматыда Almaty Tourism Bureau, Алматы қаласының Туризм басқармасы және Mastercard бірлесіп дайындаған «Алматыдағы туризм 2025» есебінің таныстырылымы өтті. Есеп төлем жүйесінің иесіздендірілген транзакциялық деректері мен Mastercard Tourism Insights аналитикалық платформасы негізінде әзірленді. Жалпы, Қазақстан туризмді дамытуда жоғары қарқын көрсетіп отыр, ал Алматы Орталық Азиядағы туристік өсімнің негізгі драйверіне айналуда. Табиғи парктердің жақын орналасуы, жарқын әрі бірегей мәдениет, ірі халықаралық іс-шаралар санының артуы және әуе қатынасының кеңеюі қаланың туристер үшін тартымдылығын күшейтіп, қала экономикасының дамуына ықпал етуде. Есепке сәйкес, 2025 жылы талданған 15 елден келген шетелдік туристердің жалпы шығыны 40%-ға артқан, бұл Алматыға туристік әрі іскерлік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықтың өсіп отырғанын көрсетеді. Есепте туризм саласындағы негізгі үрдістер, шығындар құрылымы, шетелдік келушілердің портреті және мемлекеттік органдарға, бизнеске және кәсіби туристік қауымдастыққа пайдалы болуы мүмкін аналитика ұсынылған.

Зерттеу нәтижелерімен есептің толық нұсқасы арқылы толығырақ танысуға болады:

Есепті қазақ тілінде жүктеу

Есепті орыс тілінде жүктеу

#Almaty #Tourism #Visitalmaty #AlmatyTourismBureau #Mastercard #MastercardTourismInsights #Kazakhstan #CentralAsia #TravelTrends #MICE #DestinationAlmaty

Рекомендуем посмотреть и эти записи
Сайт работает в тестовом режиме и сейчас дополняется. Некоторые разделы могут быть недоступны.