Даунхилл


Құйынды даунхилшілдер

Таудың бөктерінде төмен қарай велосипедпен құйындата зулап түскіңіз келеме? Оған велосипед міну бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтандар ғана батылы барады. Бұдан тыс, дайындығы жақсы «темір тұлпарыңыз», мүмкіндігінше, тауға дейін жеткізіп салатын, құлап түссеңіз алғашқы медициналық көмек көрсете алатын серігіңіз болғаны жөн. Бұл — нағыз жүрегінде түгі барлардың көңіл көтеретін жері!
DownHill competitions Алматыда жыл сайын өткізіледі, ол бүкіл әлемнен спортшыларды тартады.

Танымал бағдарлар

Алматыдағы трассалар мейлінше күрделі деп саналады. Өйткені олар көбінесе ойлы-қырлы, биік-шұңқырлы, тау-тасты болып келеді. Велосипедшілер арасында Медеу, Көкжайлау, Қимасар шатқалы, Шымбұлақ, Ягуар паркі сияқты бағдарлар кеңінен танымал. Алматының даунхилшілдер қауымы аса үлкен емес, дегенмен шағын топтардың арасында берік достық орнаған. Олармен танысып, бірге серуендеуге шақыруға, қызықты бағдарларды көрсетуін сұрауға болады.

Сарқылмайтын адреналин

Қарапайым адамға осы құйынды экстремалдарды түсіну қиын. Бірақ оның қызығын түсінетіндердің айтуынша, таудан велосипедпен түсудің әсерін басқа ештеңемен теңестіруге болмайды. «Желдің бетке ұрылуы, велосипедтің жолда секіріп-секіріп жүруі, ысылдаған жел, денеңізге қанат біткендей сезіну» — спортшылар өздерінің сезімдерін осылай сипаттайды.
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау