ӘНШІ ҚҰМ


МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Әнші құм биігінен Іле өзенінің көгілдір жіңішке жолағын, Сөгеті және Боғыты күлгін тауларын, Кетмен жотасының әппақ шыңдарын көре аласыздар, ал егер сәті түссе, оның әуенін де тыңдауға болады. Бұдан бөлек, мұнда нағыз жабайы Пржевальск жылқысын, сонымен қатар, біздің заманымызға дейінгі 7-6 ғасырларға тиесілі сақ тайпасының ең ірі қабырлары орналасқан Бесшатыр қорымын тамашалай аласыздар. «Алтынемел» ұлттық саябағы – шөлдің жүрегіне тылсым саяхат.

Әлемденгі дара

Құмның тұрақсыздығы мен желдің күштілігіне қарамастан, Әнші құм әлемдегі бірегей қозғалмайтын шағыл ретінде белгілі. Ол бірнеше мыңжылдықтар бойы қозғалыссыз күйде сақталған. Барханның атауы оның құмды ылдиларында естілетін, жел есебінен туындайтын дыбысқа байланысты берілген. Бұл дыбыс реактивті ұшақ қозғалтқышының гуіліне ұқсайды және ауа ағымының қозғалысына байланысты сарынын өзгертіп тұрады.

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау