Альпинизм жан күйі секілді
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/05/альпинизм1-1050x662.jpg)
Адамдар тауды бір көргеннен бастап өмір бойына ғашық болады. Осындай әсем тау шатқалдары мен шыңдары бар қалада бола тұра, таудың шыңына шығып, одан айналаға көз жүгіртуді ешқашан сезінбеу мүмкін емес. Жақын жерде түрлі санаттағы шыңдар бар: тіпті балалар бағындыратын шыңдардан бастап, дененің жақсы шынықтыруын қажет ететіндерге дейін.
Барлық жартастар сіздің иелігіңізде
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/05/альпинизм3-1050x662.jpg)
Алматы – альпинистер үшін таптырмас орын. Қалада барлық қажетті құрал-жабдықтарды алу оңай, үнемі тау шыңына көтерілетін көптеген кәсіби және әуесқой клубтар бар болғандықтан шыңды бірге бағындыратын, жаныңызға серік болатын адамды табу қиын болмайды. Егер сіз ешқашан альпинизммен айналыспаған болсаңыз, алдымен кәсіби альпинизм орталықтарының бірінде жаттығуға мүмкіндік бар.
Адамдардың ерекше түрі
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/05/альпинизм2-1050x662.jpg)
Алматыдағы альпинизм – бұл ерекше мәдениет, жүректегі сыздатқан махаббат және тауда таңғажайып нәрселердің куәсі болған таныс альпинистер туралы жұмбақ әңгімелер. Қалада көптеген аңыздар бар және қарапайым туристер тауларда жұмбақ көлеңкелерді көргендерін немесе өмірден өткен альпинистердің дауыстарын естігендерін айтады. Әрине, бұл спорт әлсіздерге арналмаған, алайда жанын тауларға берген адамдарда сіз ең үлкен тас монолиттердегідей сенімді бола аласыз.