Хайкинг


Хайкинг дегеніміз, қарабайыр тілмен айтқанда, тауға жаяу серуендеу. Мұны алматылықтар ерекше сүйеді. Сіз өмірінде тауға шығып көрмеген алматылықты кездестірмейсіз. Тіпті, көпшілік табиғат аясына өздері қалағандай көп шыға алмайтынын айтып шағымданады. Дене дайындығы әртүрлі адамдар үшін күрделілік деңгейі әртүрлі мыңдаған бағдар бар, олардың әрқайсысының міндетті түрде өзіндік ерекшелігі бар.
Серуендеу үшін Алматы маңындағы ең танымал 3 орын

Көкжайлау

Алматы қаласынан небәрі 20 шақырым жерде сұлулығын сипаттауға сөз жетпейтін Көкжайлау керіліп жатыр. Ол Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарының арасына орын тепкен. Жайлауға екі жағынан: Казак шатқалынан немесе Медеу жақтан баруға болады. Көптеген туристер жайлауға бір жағынан келіп, екінші жағынан шығып кетеді. Көкжайлауды қайыңды және қарағайлы ормандар қоршап тұр. Көкжайлауға бару қиын емес, оған тіпті балалар мен зейнеткерлер де бара алады. Жазда мұнда келгендер көбінесе шатыр тігіп, қонып қалады.

Бутаков сарқырамалары

Медеу шатқалына жақын маңдағы сарқырамалар демалыс күндері алматылықтар қыдыратын сүйікті орындардың бірі. Оларға 3 сағатта жетуге болады. 30 метр биіктен құлаған судың пайдалылығы мен тазалығы таң қалдырады. Сарқырамаларға жету үшін жұмсаған күшіңіз босқа кетпейді. Мұнда бала-шағамен де келуге болады. Кең соқпақ жүруге ыңғайлы әрі онда адасып қалу мүмкін емес.

Фурманов шыңы

Ең танымалы туристік бағдарлардың бірі Фурманов шыңының биіктігі теңіз деңгейінен 3200 метрге жетеді. Бірақ оған барар жолда ешқандай көшкін, тасқын қауіп төндірмейді. Шың басында әдемі алтыбақандар бар. Алтыбақан тебе суретке түсу үшін көпшілік осында келеді. Таудың төбесінде тұрған адамның бір жағында өмір қайнаған қала, екінші жағында Іле Алатауының басын қар басқан асқар шыңдары мұнартады. Төзімді туристер осы жерде бойға күш жинап, келесі шың — Панорамаға көтеру үшін жүріп кетеді.
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау