Тауарлардың кең ассортименті

«ADK» сауда ойын-сауық кешенінде сәндік киім дүкендері Сізді күтеді. Мұнда LC WAIKIKI, DeFacto, Incity, Elis, Kari, O’stin, OGGI және т.б. көптеген әлемдік брендтер тауарларын ұсынады. Lady Collection аксессуарлары, «Магия Золота» зергерлік бұйымдар салоны Сіз үшін құшағын айқара ашады.

Отбасымен демалу

Кешеннің екінші қабатында тек ересектер үшін ғана емес, балалар мен жасөспірімдерге де арналған алуан түрлі дүкендер: Marwin, Шалуны, Kari Kids, USABabyStore, т.б. орналасқан. «ADK» сауда ойын-сауық кешенінде пайдалы әрі ұнамды заттар сатып алумен қатар, Сіздің демалысыңыз үшін де жағдай жасайды. 6 залы бар Chaplin Cinema кинотеатры әзір тұр, сондай-ақ «Kinderville» балалар аттракциондар паркі, «Саванка» балалар қалашығы, «Автогородок» қалашығы Сіз дүкен аралап жүргенде балаларыңыздың ермегі болады.

Сондай-ақ қараңыз