Жүрегі кең аңшы

Бұл жүрегінде аң аулауға қызығушылық пен жануарлар әлемін аялау сезімі қатар жүретіндерге арналған көңіл көтерудің түрі. Мұнда сіз өзіңіздің мергендігіңізді сынақтан өткізіп, шеберлігініңізді арттыру, күнделікті тіршілік күйбеңінен арылып, бой сергітіп қайту мүмкіндігіне ие боласыз. Бұдан тыс, кері тебу серпіні барынша азайтылған кәсіби қарумен атуға болады.

Сіз ойлағаннан қиынырақ

Ұшып бара жатқан тәрелкені атып түсіру сырт қарағандағыдан әлдеқайда қиын. Қозғалыстағы нысананың траекториясын, желдің бағытын, жылдамдығын, оқтың ұшу қашықтығын, осы секілді көптеген факторларды есептеуіңіз қажет… Нысанаға дәл тигізу үшін мейлінше дене дайындығы мен ақыл-ой ұшқырлығы талап етіледі. Тек үздік мергендер ғана оның үдесінен шығып, 10 тәрелкенің барлығын атып түсіре алады. Дегенмен жақсылап жаттығу жасаса, кез-келгенінің қолынан келуі әбден мүмкін.

Жеңіске жетуге 50 мүмкіндік

Қаланың маңында мергендік қабілетіңізді сынап көруге болатын бірнеше ату клубтары бар. Әдетте «ыстық қаруды сезініп», нысанаға дәл тигізуді үйрену үшін жеткілікті болуы тиіс 50 рет ату мүмкіндігін сатып алуды ұсынады. Мұнда досыңызбен бірге немесе жалғыз өзіңіз атып көруіңізге болады. Нысананы көздеп атуға көпжылдық тәжірибеге ие инструкторлар көмектеседі.

«Бағанашыл» ату кешені

Бұрынғы «Атлант», ал оған дейін Әскери аңшылық қоғамының ату стенді болған. «Бағанашыл» ату кешені Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан: РВ 90, Остроумова көшесі, 2Б.

«Отан» орталық спорттық-техникалық клубы

«Отан» орталық спорттық-техникалық клубы күш құрылымдарының қызметкерлерін дайындаумен айналысады. Сонымен қатар, балалар ату секциясы жұмыс істейді. Клубта тапаншадан, револьверден және шағын калибрлі мылтықтан атуға болады. «Отан» орталық спорттық-техникалық клубы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 174 мекенжайында орналасқан.

Мекенжайлары

«Бағанашыл» ату кешені, Түрксіб ауданы, Остроумова к-сі, 2Б;
Байланыс телефондары: +7 (727) 382 86 25
«Отан» орталық спорттық-техникалық клубы, Сейфуллин даңғылы, 174;
Байланыс телефондары: +7 (727) 297‒28‒96, +7 (727) 297‒28‒87

Сондай-ақ қараңыз