Аңыздарға қарағанда, ең үздік сноубордшылар мен шаңғышылар қайтыс болған соң Алматыға жіберіледі екен… Әрине, таудың етегінде орналасқан қалада тау-шаңғы курорттарының болмауы мүмкін емес. Мұнда әркім өзі қалаған трассаны таңдай алады. Жаңадан үйреніп жатқандарға таудың мамық қар төселген баурайы, кәсібилер үшін жылдам трассалар, трюк жасауды ұнатататындар үшін трамплиндер бар. Алуан түрлі кешендер сұлу көріністердің фонында суретке түсіп, табиғат аясында демалу мүмкіндігін береді.

Шымбұлақ

Шымбұлақ кешені қалаға өте жақын жерде орналасқандықтан, қашан қарасаңыз да спортшылар мен туристерге толы болады. Кейбіреулер мұндағы бағалардың тым жоғары екенін айтып шағымданады. Дегенмен, орналасқан жерінің артықшылықтары, сервис деңгейінің жоғарылығы кешеннің өз бағасына лайықты екенін көрсетеді. Трассадан тыс, жайлы дәмханалар мен мейрамханаларды, арқанды парктерді аралап, отбасыңызбен бірге белсенді демалыс өткізу мүмкіндігіне ие боласыз.

Ақбұлақ

Курорт Талғар қаласының сыртында орналасқан. Оған Алматы қаласынан 1,5 сағатта жетуге болады. Әдетте мұнда адамдар аздау, түрлі маневрлар жасауға кеңістік кеңдеу болады. Қолайлы төбеліктер, жалға берілетін құрал-саймандар, шаңғы немесе сноуборд тебуді үйрететін инструкторлар да Сізді күтеді. Енді ғана үйреніп жатқандарға, кәсіби шаңғышыларға арналған әртүрлі трассалар бар, ал балалар арнайы баллондармен сырғанақ тебеді.

Табаған

Табаған спорт және ойын-сауық кешенінде белсенді демалыс өткізу үшін қызықты трассалар, Іле Алатауының сұлу көріністері, финнің жылы күркелері, мейрамханалар, т.б. қажеттінің бәрі бар. Курортта ересектерге арналған 5 трасса және балалармен бірге баллонмен сырғанайтын арнаулы орындар бар. Шаңғы мектебі мектеп және жалға берілетін құрал-жабдықтар да бар.

Мекен-жайлары

1. Алматы облысы, Талғар ауданы, Шымбұлақ ауылы
2. Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы
3. Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы

Сондай-ақ қараңыз