Алматы Swissôtel Wellness Resort Алатау қонақ үйі Қазақстандағы Алматы қаласының шетіндегі орманда, қонақтарды жәйлі демалу, сауықтыру және спа- рәсімдері және спортпен айналысу үшін күтеді. Қонақ үйдің басты ерекшелігі-оның медициналық және фитнес орталықтарының, бүкіл отбасы үшін Purovel спа –салоны және минералды суы бар жылу бассейндерінің болуы. Сіз баскетбол алаңының, теннис кортының және қонақ үйдегі спортзалдың арқасында жақсы күйде бола аласыз.

Іскерлік кездесулер үшін қонақ үйде керемет жабдықталған конференц-залдар бар. Үйлену тойлары және мерекелік іс-шаралар үшін банкет залы және ашық жазғы террассалар бар. Қонақ үй мейрамханаларының  сан түрлі мәзірін тіпті талғампаз гурмандардың өзі бағалайды. Алматы әуежайынан небәрі 22 км қашықтықта орналасқан Алматы Swissôtel Wellness Resort Алатау, Сіздерге табиғатпен үйлесімділікті және жан тыныштығы үшін барлық жағдайды жасайды. Өзіңіз үшін жаңа орынды – жақын жерде орналасқан Үлкен Алматы көлі және спорт кешенін көріңіз.

Қайда тоқтайық