Қаланың визиттік карточкасы

Бұл ғимарат қаланың суреті түсірілген ашық хат атаулының бүкілінің бетін безендіріп, ажарын ашып тұрғанына 30 жылдан асты. Ғимараттың қасбеті кеңестік модерн әдісінің классикалық үлгісінде орындалған, оның басына киген тәжі тектілік пен абыройдың символына айналған. Қонақүй 1977 жылы алғаш рет қонақтар үшін есігін ашты, ал 1979 жылы мемлекеттік маңызы бар сәулет ескерткіштерінің тізіліміне енгізілді.

Ғимараттың бірегейлігі

Ғимараттың басты ерекшелігі — оның биіктігінде. 26 қабаттан тұратын зәулім қонақүйдің табанынан төбесіне дейін 102 метр келеді. Жер сілкінісі күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған қала үшін мұндай ғимаратты салу нағыз жетістік болды. Биік қонақүй қабат-қабат салынған төсек міндетін атқаратын тостаған тәрізді арнаулы іргетасы мен ғимараттың омыртқа жотасы болып табылатын сопақша келген темірбетонды колоннаның арқасында сейсмикалық төзімділігі жоғары ғимараттардың бірі болып отыр.

Алматы «алақандағыдай»

Өзін осы қаланың бір бөлігіндей сезініп көргісі келген әр адамға қонақүй жайлылық деңгейі әртүрлі нөмірлерді ұсынады. Бірақ қонақүйдің басты артықшылығын пайдалану — қаланы алақанға салғандай тамашалау үшін онда қону қажет емес. Қонақүйдің 26-қабатында орналасқан Bar Fly мейрамханасына келсеңіз, сіз үшін қаланың барынша ажары ашылады.

Сондай-ақ қараңыз