Ойын-сауық

«NOMAD» этноорталығы

«NOMAD» этноорталығы Алматы облысы, Үшқоңыр тауының етегінде ашық аспан астында орналасқан бірегей тарихи-этнографиялық кешен – бұл көшпенділердің дәстүрлі мәдениетіне терең бойлау. Қайта жаңғырған тарихты қонақтар көріп қана қоймай, белсенді қатыса алады. Оның құрылуына Ұлы даланың көшпелі тайпаларының – сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түркілердің, қазақтардың және т.б. көпғасырлық дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмысы негіз болды. Мұнда әркім қылшықты […]

Gorilla Zipline және Rope Jumping

Gorilla Zipline – бұл не? Аттракцион Gorilla Zipline — бұл тартылған арқан арқылы жылдам төмен түсу! Сіз, арқанға бекітілген арнайы жабдықпен бас айналдырар ұшуды орындайсыз. Gorilla Rope Jump – бұл не? Аттракцион Rope Jumping — бұл сақтандыруды пайдаланумен биіктен еркін ұшу! Сіз арқанға бекітілген арнайы жабдықта бас айналдырар секіріс жасайсыз. Баға тізімі Gorilla Zipline Medeu […]

Роуп-джампинг

Еркін самғау қуанышы Экстремалды көңіл көтерудің осы түріне қызығатындар көп. Биік нысандардың төбесінен, көпірлерден секіріп, бірнеше секунд еркін түсу үдеуін сезініп көріңіз. Альпинистердің арнаулы кәсіби созылмалы арқаны Сізді құлаудан сақтайды. Мұнда 18-ден 60 жасқа дейінгі жүйкесі шыдамды адамдар секіре алады. Бұл секірудің ең қауіпсіз түрі болып табылады әрі өткір сезімдерді жаны сүйетіндердің арасында ерекше танымал. […]

Даунхилл

Құйынды даунхилшілдер Таудың бөктерінде төмен қарай велосипедпен құйындата зулап түскіңіз келеме? Оған велосипед міну бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтандар ғана батылы барады. Бұдан тыс, дайындығы жақсы «темір тұлпарыңыз», мүмкіндігінше, тауға дейін жеткізіп салатын, құлап түссеңіз алғашқы медициналық көмек көрсете алатын серігіңіз болғаны жөн. Бұл — нағыз жүрегінде түгі барлардың көңіл көтеретін жері! DownHill competitions Алматыда жыл […]

Парапланмен самғау

Аспандағы құс секілді Өзіңізді аспанда самғаған құстай сезініп, таңғажайып таулардың үстінде ұшу, кейде желмен бірге жоғары көтеріліп, кейде төмен жүйткіген желдің екпінімен құлдилау ешқашан ұмытылмайтын әсерге бөлейді. Өзіңізді тура қанат біткендей сезінесіз. Ұшу орташа 10 минуттан 20 минутқа дейінгі уақытты алады. Биіктіктен қорқу сезімін жеңіп, төмендегі бұрын-соңды көрмеген әсем пейзаждан ләззат алу — шет-шегі жоқ […]

Тау-шаңғы курорттары

Аңыздарға қарағанда, ең үздік сноубордшылар мен шаңғышылар қайтыс болған соң Алматыға жіберіледі екен… Әрине, таудың етегінде орналасқан қалада тау-шаңғы курорттарының болмауы мүмкін емес. Мұнда әркім өзі қалаған трассаны таңдай алады. Жаңадан үйреніп жатқандарға таудың мамық қар төселген баурайы, кәсібилер үшін жылдам трассалар, трюк жасауды ұнатататындар үшін трамплиндер бар. Алуан түрлі кешендер сұлу көріністердің фонында суретке […]

Парашютпен секіру

Абсолютті еркіндік сыйы Бұл экстремалды ойын-сауықтың түрімен айналысу бәрінің бірдей қолынан келе бермейді. Батылдық жинап, буындардың қалтырауын басып, ашық аспан кеңістігіне қадам басу үшін, ішкі күш пен асқақ рухқа ие болу керек. Бұл жолды соңына дейін өткендер, әрине, лайықты марапатқа ие болады. Бұл шексіз еркіндік сезімін сыйлайды және қанаттандырады. Сіздің қауіпсіздігіңізге қамқорлық Ең өзекті мәселе, […]

Дельфинарий

Алматы дельфинарийі Дельфиндер Нағыз теңізге бару бақыты бұйырмаған адамдар үшін мұхиттың бір бөлігі, яғни, тұзды су мен сүйкімді теңіз фаунасы – дельфиндер, итбалықтар және теңіз арыстандарымен бірге арнайы Алматыға әкелінді. Ақылды жануарлар керемет дарынды, олар балаларды да, ересектерді де қуанта алатын көптеген трюктерді біледі. Шоу және одан кейінгі қызықтар Nemo дельфинариіндегі бағдарлама ерекше. Ол біздің […]

Хайкинг

Хайкинг дегеніміз, қарабайыр тілмен айтқанда, тауға жаяу серуендеу. Мұны алматылықтар ерекше сүйеді. Сіз өмірінде тауға шығып көрмеген алматылықты кездестірмейсіз. Тіпті, көпшілік табиғат аясына өздері қалағандай көп шыға алмайтынын айтып шағымданады. Дене дайындығы әртүрлі адамдар үшін күрделілік деңгейі әртүрлі мыңдаған бағдар бар, олардың әрқайсысының міндетті түрде өзіндік ерекшелігі бар. Серуендеу үшін Алматы маңындағы ең танымал 3 […]

Автодром

Бүкіл ТМД-дағы дара жоба Алматы қаласының бір ерекшелігі, мұнда алуан түрлі көңіл көтеру орындарын табуға болады. Алматыда таң атысымен ен далада ат шаптырып, түс қайта ең соңғы маркалы спорткарды бар жылдамдығымен айдау үшін кәсіби трассаға баруға болады. «Sokol» автодромы — Қазақстандағы жалғыз кәсіби спорт-техникалық кешен әрі дәл мұндай кешен бүкіл ТМД-да жоқ. Өңірлік және жергілікті […]

Троллей паркі

Азиядағы ең үлкен парк Барша алматылықтарға белгілі «Орман ертегісі» курортының аумағында үлкендігінен жаға ұстайтындай аттракцион — Азиядағы ең үлкен, ал әлемде көлемі жағынан үшінші орында тұратын «Тянь-Шань рухы» троллей паркі бар. Оның құрамына 7 жол кіреді. Жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 3 километрге жетеді. Бір сым арқанның максималды ұзындығы 560 метрді құрайды — осы аралықтан зулап […]

Багги және квадроциклмен серуендеу

Жолсызбен жүріп адреналин алыңыз Доңғалақтар үшін еркіндік жол аяқталған жерден басталады! Жолсыз жердің нағыз королі болуыңызға багги және квадроциклмен көңілді серуендеу мүмкіндік береді. Ойлы-қырлы жермен жүресіз бе немесе табиғаттың таңғажайып көріністерін тамашалай жай ғана серуендейсіз бе — өзіңіз таңдаңыз. Серуендеудің дәл осы түрі балаларға да, зейнеткер ата-әжелерге де бірдей қызықты. Басқару оп-оңай Мұндай серуендеу арнайы […]