Мұражайлар

Әдемі Алматы қаласының мұражайлары

Мәдени және рухани мұраның қызықты әлемі.

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы

Қаланың мәдени жүрегі Бүгінгі таңда Мемлекеттік өнер мұражайы — Қазақстандағы ең үлкен көркемөнер мұражайы әрі бейнелеу өнері саласындағы ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақтың даңқты суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі мұражайға 1984 жылы ғана беріліп, галереяға орталық кіреберістің алдында оның ескерткіші орнатылды. Таңғажайып көркем коллекция Мұражайдағы экспонат атаулының барлығын егжей-тегжейлі қарағыңыз келсе, онда ішпей-жемей, ұйықтамай, көз үзбей тамашаласаңыз да, […]

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы

Тарихсыз болашақ жоқ Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы Қазақстанның тарихқа дейінгі дәуірінен бүгінге дейінгі тарихын қамтиды. Мамонт қаңқалары, ұлттық киімдер мен ат ер-тұрмандары, Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған зеңбіректер — мұражайдағы экспонаттардың әрбірінің өзіндік тарихы бар. Тәжірибелі экскурсия жетекшілері қызыққан тыңдаушыға олар туралы жалықпай әңгімелейді. Қор коллекциясынан 300 мыңнан астам элементті көруге болады. Мұражайдың тарихы Мұражай […]

Ахмет Байтұрсынов музей-үйі

1934-1937 жылдары Зубовтың үйінде Ахмет Байтұрсынұлы отбасымен бірге тұрған. Алаш Орда қайраткері ақталғаннан кейін 1988 жылы үй тарих және сәулет ескерткіші болып танылып, 1993 жылы мемориалдық музей-үй ашылды. ХХ ғасырдағы ұлы реформатор, қоғам және мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, Қазақ филология ғылымының негізін қалаушы, ақын-аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі. Музей-үйі төрт бөлмеден және бір бөлмелі жертөледен […]

Қонаев музейі 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейі Алматы қаласындағы, демек, Қазақстандағы халық ең көп баратын музейлердің бірі болып табылады. Музей жұмысының мақсаты және міндеті – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктеді мұқият сақтау.Музейдің негізі – Д.А. Қонаевтың дүниеге келген сәтінен бастап өмірінің соңына дейін көрнекті мемлекет қайраткерінің өмірімен байланысты,  Қазақстан тарихының тұтас кезеңі туралы баяндайтын түпнұсқа құжаттар, материалдар, жеке […]

Д. А. Қонаевтың музей үйі

Дінмұхамед Ахметұлының жеке басына қызығушылықтың артуының бір себебі, оның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, өзі тұрған үйде 2012 жылдың қаңтарында мемориалдық пәтер-музейдің ашылуы болды. Мұнда келушілер осы ұлы тұлғаның екінші қырымен өмірімен және тұрмысымен таныса алады. Көптеген кәдесыйлар және түрлі бағалы сыйлықтар оның болған қалаларын және елдерін растайды, әрине,оның  кездестірген, жұмыс істеген және дос болған адамдары […]

Алматы музейі

Алматы музейі 2002 жылы құрылған, бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан. 11 залда Алматы қаласының тұтастай тарихы сақталған: сіз мұнда келу арқылы оңтүстік астананың әр кезеңдегі тарихымен таныса аласыз: «Ежелгі Алматы тарихы», «Ортағасырлық Алматы тарихы», «Қазақ мемлекеттілігінің бастауында», «Алматы қаласының Верный кезеңі», «ХХ ғ. Алматы» және т.б. Музей қорында 35 мыңнан астам экспонат бар. Олардың […]

Археология мұражайы

Археология мұражайы – Қазақстан Ғылым академиясының мәдени бөлімшесі. Мұражай «Ғылым ордасы» ғылыми-мұражай кешенінде орналасқан. Ол Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз түрі болып табылады.

Алматы қаласының тарихы музейі

Бауырмал ғимарат Алматылықтардың өз қаласын сүйгені соншалық, оған арнап жеке музей де салып алған! Музейдің бір кездері Верный балалар баспанасы болған ғимараты, оңтүстік астананың ежелгі замандардан күні бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертетін алуан түрлі экспонаттары келушілердің бәріне бірдей қызық. Әрі музейдің альпинизм, бейбітшілік және келісім, қаланың ұлт лидерімен қатынастары тақырыптарына арналған залдары да есігін ашып […]

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы

Мұражай қорында ХVІІІ – ХІХ ғғ. хронологиялық қамту бойынша ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі 500-ден астам сирек кітаптар мен қолжазбалар жинақталған. Онда тарихи-мәдени және ғылыми маңызы бар ежелгі отандық және шетелдік қолжазбалар, араб, латын және кирилл әріптерінің қолжазбасы және ескі баспа кітаптары бар.

Әскери-тарихи мұражай

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайы — Қазақстанның Алматыдағы әскери-тарихи музейінің филиалы Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайы 1965 жылы Орта Азия әскери округінің аудандық офицерлер үйінде (қазіргі музыкалық аспаптар мұражайының ғимараты) ашылды. 1978 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағын қайта құру шеңберінде офицерлер үйінің жаңа монументалды ғимараты салынды, оған мұражай көшірілді. Көрме кешені 2 200 шаршы метр алаңда […]

Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені

Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені 1999 жылы 8 ақпанда С.Мұқановтың (1978 жылы 21 қарашада ашылды) және Ғ. Мүсіреповтің (1987 жылы мамырда ашылды) жұмыс істеп тұрған екі музейі базасында құрылды. Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық музейінің негізін қалаушы және алғашқы директоры Мұқановтар отбасының досы Хакім Нұрғалиұлы Бекішев (1976-1986) болды. Оның басшылығымен 1976 жылы музей […]

Сейдалин ақсақалдың үйі

Ғимарат XIX ғасырдың ортасында Верный қаласының ақсақалы Сейдалинге арналған тұрғын үй ретінде салынған.  1887 жылдың жер сілкінісінен кейін ғимарат қалада сақталған ғимараттардың бірі болды. Қала ақсақалы Сейд Ахмед Сейдалин зардап шегушілерге киіз үй, ыстық тамақ, баспана беріп көмектескен. 1917-1919 жылдары ғимаратта РК(б)П облыстық ұлттық бөлімі орналасқан. Бұл үйде Верный қоғамының түрлі іс-шаралары өтті. Мұнда балаларға арналған рождестволық […]