Орта ғасырлардың тарихи ескерткіші
Осы тарихи ескерткіште біздің заманымызға дейінгі XIV – XVI ғасырларда тасқа қашап жазылған суреттермен көмкерілген бірнеше үңгір бар. Мұнда жануарлардың бейнелерін, «күн адамдарының» – күн құдайы Тәңірдің символдарын кездестіресіз. Оның қызығы мұнымен бітпейді. Үңгірлерден Будда мен Бурхандардың (Бодхисаттва) кескіндерін, олардың жанында тибет халықтарына тән жазуларды көріп, таң қаларсыз.
Суреттердің шығу тегі туралы аңыз
Будда суреттерінің пайда болуы туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ халық арасында есте жоқ ескі замандардан жеткен аңыз бар. Оған құлақ түрсек, ежелде осы маңнан керуен өтіп жатқанда кенет қатты зілзала болып, жартастар құлайды. Бұл Үндістанға қайтып кету туралы аспаннан берілген белгі деп тұжырымдаған. Керуеншілер құлаған жартастарға аспандағы құдайдан келген бұйрықты бейнелеу үшін осы суреттер мен жазуларды қашап жазып қалдырады.