Aport


Елдегі ең үлкен молл

Қазақстандағы алғашқы ірі өңірлік молл — Апорт Алматы қаласында, 2009 жылғы 20 қыркүйекте Қала күнінде салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына 62 000-нан астам адам жиналды. Апорт молл — Қазақстандағы молдардан бірнеше есе үлкен заманауи сауда және ойын-сауық кешені. Ол 210 000 шаршы метр ауданды алып жатыр. International Property Awards халықаралық ұйымының тұжырымы бойынша, Апорт молл 2010, 2011 және 2012 жылдардағы Қазақстанның үздік жобасы деп танылды.

Халыққа жақын

Апорт молл орналасқан жер стратегиялық жағынан ұтымды: кешен Алматының негізгі магистралі Райымбек даңғылының бойында орналасқан. Бішкекке бет алатын магистральдан минут сайын 150 көлік өтеді. Молл мақсатты аудиторияға да жақын орналасқан. Кешеннен 5 минуттық радиуста 250 000 адам, ал 10 минуттық жерде 550 000 адам тұрады. Дәл қасында аптасына 250 000 адам келетін «Алтын орда» базарының орналасуы Апорттың клиенттік базасына да ұнамды ықпал етеді. Өйткені, 30-дан астам қоғамдық көлік тоқтайтын базардан Апортқа дейін оңай жетуге болады. Молдың өз аумағындағы келушілерге арналған тегін паркинг 5000-нан астам көлікті қабылдай алады.

Ақпарат

Жұмыс кестесі

Күн сайын 10:00 - 22:00

Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау