Қазақстандағы алғашқы молл
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/ЦУМ-4.jpg)
Сауда орталығы қаланың ең тіршілік қайнаған көшелерінің бірінде, Верный тұсында Сауда жолы деп аталған көшеде орналасқан. Ол қашанда белсенді іскерлік орталығы болған. Осыншалықты ірі сауда орталығының салынуы тек Алма-Ата үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға болды.
Даңққа бөленген
Кеңес үкіметі тұсында ол елдегі басты сауда орталығы болды. Кез келген тапшы дүниені адамдар осында келіп табатын. ЦУМ-да түрлі мерекелік шаралар өткізілді, тіпті «Игла» фильмі де осында түсірілген.
Арбаттың жаны
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/ЦУМ-3.jpg)
ЦУМ-ның танымал сауда орталығы әрі тарихи ескерткіш ретіндегі мәні күні бүгінге дейін жойылмаған. Ауқымды күрделі жөндеуден шыққан ЦУМ әрі сапалы шопинг, әрі тамаша демалыс мүмкіндіктерін қамтыған заманауи орталыққа айналды.