Ұтымды орын
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/Globus-2-1.jpg)
«Глобус» сауда орталығы екі қабатты 12 000 шаршы метр ауданды алып жатқан ғимарат. Қаланың қақ ортасындағы ұтымды орны «Глобусты» Алматының басқа сауда ойын-сауық орталықтарынан ерекшелеп тұрады. Бүкіл отбасына арналған киім-кешектер, балалар ойыншықтары, үй тауарлары мен техникалары бар — бұл жерден өзіңізге қажеттінің бәрін табасыз.
Тамаша қызмет көрсету
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/Globus-3.jpg)
Алматының сауда орталықтары келушілерін қашанда алуан түрлі сервистерімен қуантқанды ұнатады. «Глобус» сауда ойын-сауық орталығы көптеген жылдардан бері ұсынатын қызметтердің алуан түрлілігі және сапасы жағынан жоғары орындарды иеленеді.