2024 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен «Алматы туризм бюросы» ЖШС-нің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған семинарда Алматы қаласы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қазіргі деңгейі талқыланды.
Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің қызметі бөлігінде ҚР заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту және шектеу нормалары талқыланды.