Ежелгі сақтар мен скифтердің некропольдері
Қазір бұл аумақта оңтүстік астана атанған алып қала қанат жайған, ал бұрынғы заманда даңқы жер жарған сақ және скиф тайпаларына тиесілі болған. Жер жәннаты Жетісудың дәл осы бұрышында олардың рухани әрі мәдени орталығы орналасты. Ұлы даланың, Сібірдің, Алтай және Қара теңіз маңының түкпір-түкпірінен атақты көсемдер қасиет санап осында келді. Сақтар өз көсемдері мен батырларын осы жерге арулап жерледі. Боралдай қорғандары дәл осылай пайда болды.
Неліктен қорған?
Қорған сақтардың пайымынша, ғаламның өзіндік моделі ретінде жоғарыдағы, аспандағы және төмендегі әлемдерді байланыстырып тұрды. Ондай қорғандардың төбесінде абыздар аспандағы құдай Тәңірге сыйынып, өздерінің салт-жоралғыларын жасады. Олар Тәңірді күн немесе қанатты Тұлпар ат (гректің Пегас атының шығыстағы ағайыны) түрінде деп пайымдады. Сондықтан да Тұлпар біздің мемлекеттік елтаңбадағы ұлттық символға айналды.