Жаздың аптап ыстығын қарлы
маусымнан артық көретіндер де кейде ыстықтан суға қашып кеткілері келеді. Жағажайда
жай жата бермей, демалыс күнін белсенді өткізгілері келеді. Мұны Алматыда қалай
және қайда ұйымдастыруға болады? Біз айтып береміз.
Сапборд:
Сапқа тұру және жүзу — бұл орташа қиындықтағы іс. Яғни, сіз міндетті түрде бұл істе табысқа жетесіз. Бұрын-соңды мұндаймен айналыспаған болсаңыз да, тіпті, спорттық төзімділігіңіз жеткіліксіз болса да бұл іс сіздің қолыңыздан келеді. Ең бастысы, құтқару кеудешесін киюді ұмытпаңыз. Бұл барлық адамдарға, соның ішінде жүзуден Олимпиада чемпиондарына да міндетті ереже. Мәселе сіздің қауіпсіздігіңізде.
Алматыда Первомай тоғандарында немесе Қапшағайда сапта жүзуді игеруге болады. Таңертең және күн батқанда суда серуендеу ерекше сұранысқа ие: күн сәулесі аз түседі, инстаграмға салуға болатындай көріністер толы болады.
Белсенділік әр түрлі жастағы адамдарға, соның ішінде балаларға арналған.
Қайдан іздеу керек:
Вейкборд:
Сәлем, экстремалдар! Сендер вейкборд туралы естіген шығарсыздар. Бұл тақтада сырғанау көбінесе акробатика мен секіру элементтері бар шаңғы слаломына ұқсайды. Серфингке, сноубордқа және скейтбордқа да кішкене ұқсастығы бар.
Бұл қиын ба? Вейкбордингте екі бағыт бар: вейкборд-қайық және кабельді вейкбординг. Біріншісі белгілі бір дайындықты қажет етсе, кабельді вейкбордингке келсек, оны бәрі игере алады.
Алматыда вейкке жылы мезгілде тұруға болады. Жай ғана картадан Gagarin wake Park мекенжайын тауып алыңыз да бізге келіңіз. Дәл сол жерде жабдықты жалға алуға, сондай-ақ жаттықтырушыны табуға болады.
Қайдан іздеу керек: @gagarin_wake_park
Рафтинг:
Рафтингте ең бастысы не? Жақын жерде таулы өзеннің болуы. Бұл мәселеде Алматыда және оның маңында бәрі жақсы. Тек нық шешім жасап, рафтқа отыру қалады. Алдын ала нұсқамадан өтіп алу керек. Себебі түсу кезінде рафтта отырған әр адамның әрекеті маңызды.
Тасқа немесе өткір жартасты шоңғалдарға қақтығысып қалмас үшін командаларды дұрыс есту де маңызды: оңға, солға. Тау ағынынан қайықты тұнық жерге апаратын сенімді және қауіпсіз жолды таба білу керек. Шоңғалда тепе-теңдікті сақтап, рафттан құламай қалғанда кездегі эмоционалды қызуды сезіну.
Қайдан іздеу керек:
Сал:
Тамғалы-Тас шатқалдарын судан көргіңіз келеді ме? Іле өзенімен өтіп, ең көркем және жаяу жүруге қиын жерлерде тоқтап көру ше? Жай ғана салда сумен түсуді таңдаңыз. Қатаң кесте мен график жоқ. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерден толық детокс (өзенде ұялы байланыс бар, бірақ интернет кебір жерлерде ғана пайда болады). Далада көшпелі жағдайда тамақ дайындау, ұйықтау салдың сыртында жуынып шомылу және түні бойы жұлдыздарға қарау. Әрқайсымыз бұл туралы кем дегенде бір рет армандаған емес пе едік?
Қайдан іздеу керек:
@plot.vse.svoi
Дайвинг:
Бәлкім таң қаларсыз, бірақ Алматыда тіпті дайвинг-клуб бар. Мұнда жігіттер жаттығады, сондай-ақ олар бассейнде кез келген қызығушылық танытқандарға жағымды сынақ/таныстыру/жай ермек үшін сүңгулер өткізеді. Таяз тереңдік, заманауи жабдықтар (сол жерден жалға алуға болады), кәсіби нұсқаушылар бар. Тағы не керек? Салқын, мөлдір таза суда уақыт өткізуге деген ұмтылыс. Егер сізге ұнаған болса, әрқашан сол жерде intro dive курсынан өте аласыз.
Қайдан іздеу керек:
Grandpool ФО, Жандосов көшесі, 55/6