Еркін самғау қуанышы
Экстремалды көңіл көтерудің осы түріне қызығатындар көп. Биік нысандардың төбесінен, көпірлерден секіріп, бірнеше секунд еркін түсу үдеуін сезініп көріңіз. Альпинистердің арнаулы кәсіби созылмалы арқаны Сізді құлаудан сақтайды. Мұнда 18-ден 60 жасқа дейінгі жүйкесі шыдамды адамдар секіре алады. Бұл секірудің ең қауіпсіз түрі болып табылады әрі өткір сезімдерді жаны сүйетіндердің арасында ерекше танымал.
Жүгіріп келіп жартастан секіремін…
Алматыда роуп-джамперлердің секіретін бірнеше сүйікті орындары бар. Соның ішінде Алматы-Қапшағай күре жолындағы тастанды құбыр, Алмарасан шатқалындағы бөгет, Қарғалы өзенінің маңына секіргіштер жиі жиналады. Секірудің биіктігі нысан мен секіргіштің тәжірибесіне қарай белгіленеді. Жалпы, 45 метрден 180 метрге дейін жетуі мүмкін. Секіру турлары демалыс күндері, күн жылы болғанда ұйымдастырылады. Қалада осындай қызметті ұсынатын бірнеше команда бар.
Қауіпсіздіктің жоғары кепілі
Қауіпсіздік жағын уайымдайтындарға айтарымыз, сақтандыру жүйесі мұқият ойластырылған әрі Сіздің салмағыңыздан 50 есе ауыр жүкті көтеруі мүмкін. Яғни сақтандырғыш арқан 2,5 тонна (жеңіл автомобильдің салмағы) жүкті қиындықтыз ұстап тұра алады. Инструкторлар қатаң тәртіптегі іріктеуден өтеді. Олардың кем дегенде үш жылдан астам тәжірибесі және бірнеше жүздеген мәрте секіріп көрген болуы тиіс. Содан кейін ғана олардың клиенттермен жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.