Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары мақсатында 2024 жылғы 14 тамызда кездесу ұйымдастырылып, онда Ғалымов Жарқын Сайлауұлы — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, Шпекбаев Алик Житкамбайұлы — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы, «Altyn Bank» басқарма төрағасының кеңесшісі — қатысты.

Аталған кездесуде тыңдаушылар ретінде «Алматы қаласының Туризм басқармасы» КММ-нің және «Алматы қаласының туризм бюросы» ЖШС-нің басшылығы мен қызметкерлері қатысты, онда Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі принциптері мен міндеттері түсіндірілді.

Блог