Атқа міну

Көшпенділер үшін жылқы – көлік құралы, тағам және ұрыс машинасы. Сондықтан да, жылқылар қасиетті тіршілік иесі саналады. Олар күн көрістің кепілі. Бүгінгі күні заманауи көліктер жылқыларды ығыстырғанымен, атқа міну қабілеті көшпенділердің ерекше қасиеті боып табылады. Атқа міну қозғалыс үйлесімдігін дамытып қана қоймай, омыртқа денсаулығына да аса пайдалы. Алматының маңында жылқы спорты мен ат ойындары орталықтары жетерлік: атқа міну дәрістері, асау үйрету, ерттеу және атпен серуендеу.

Киіз үй

Киіз үй – киіз бен жеңіл шыбықтардан жасалатын көшпенділердің көшпелі тұрғын үйі. Оның құрылып-жиналуы өте тез әрі оңай. Бүгінгі таңда адамдардың көбісі үлкен қалаларда тұрғанына қарамастан, Сіздің киіз үйде қонып, өзіңізді көшпенді сезіну мүмкіндігіңіз бар. Киіз үйді қайдан табуға болады? Алматының маңында қонақ үйдің орнына киіз үйлер тігілген қорық және көркем жерлер жетерлік. Онда тек қонып қана қоймай, тіпті біраз уақыт өмір сүруге де болады. Ал егер қаласаңыз, шопанның жанұясымен бірге жайлауға қоныс аударып, нағыз көшпенді өмірдің қызығын көре аласыз.

Бүркітпен аң аулау

Бүркітпен аң аулау – аңшылықтың ең ежелге түрлерінің бірі. Ол асқан шеберлік пен аңшы мен құс арасындағы ерекше байланысты талап етеді. Алматы маңында бүркіт сайыстары өткізіліп тұрады. Бұл сайыстарға күллі Қазақстанның, кей кездері шетелдік бүркітшілер де жиналады. Сонымен қатар, турситерге баспана, ас және ойын-сауық ұсынатын көптеген қонақжай шаруашылықтарда бүркітпен аң аулау қызметі де болуы мүмкін. Сіз де бүркітпен аң аулап көріңіз! Ұлы дала төріне шын бүркітпен аңға шығып, көшпенділік қасиетіңді оят!

Блог