7 мамырда Куала-Лумпурда VISITALMATY 2019 конференциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты Алматы қаласының танымалдығын арттыру және оңтүстік-шығыс Азия тұрғындары үшін туристік бағыттар арасында брендті ілгерілету болды. Конференцияға 70-тен астам малайзиялық туристік компания қатысып, қазақстандық туроператорлар өкілдерімен бизнес кездесулер өтті.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы Біржан Дулатбеков, Малайзиядағы Air Astana (Эйр Астана) өңірлік бас менеджері Balachandran Chinna Swam, Малайзияның Ресейдегі және ТМД елдеріндегі туризм жөніндегі елшісі Датук Наргиз Сафарова сөз сөйледі.

Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері мен қазақстандық компаниялар Алматыға танымал бағыттар мен бірегей турларды таныстырды. Тау шаңғысы курорттары, табиғат және көшпелі мәдениет көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, ұқсас конференция 9 мамырда Джакарта қаласында өтті, оған 40-тан астам Индонезиялық туристік компания қатысты. Конференцияға Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің Уақытша Сенімді Өкілі Қайрат Малаев пен Индонезия туроператорлар қауымдастығының президенті Dr N Rusmiati қатысты.

Блог