Тау аңғарының ортасындағы асылдар
“Тянь-Шань інжу-маржаны”, Көлсай көлдері Алматыдан 300 км қашықтықта, Күнгей-Алатау жотасының сілемдерінде орналасқан. Оны Қазақ Швейцариясы деп те атайды. Бұл таулардың тік беткейлерімен қоршалған ең әдемі үш тау көлі. Көлдер әртүрлі биіктікте орналасқан және ерекше каскадты құрайды. Төменгі Көлсай көлі 1800 метр н.у. м. биіктікте, орташа – 2250 метр биіктікте және ең жоғарғы – теңіз деңгейінен 2800 метр биіктікте орналасқан.
Көлдердің әрбірінің өз рухы бар
Өзендердің әрқайсысы, ортақ табиғи ансамбльдің қайталанбас көрінісін сақтай отырып, өзгелерінен ерекшеленеді. Мұнда келетін туристер ең алдымен Саты көліне кез болады. Оның тереңдігі 80 метр, ұзындығы 400 метрдей келеді. Екінші көл — Мыңжылқы. Жарты километрден биігіректе орналасқан көлге соқпақ арқылы баруға болады. Ол ағайынды үшеудің ішіндегі ең үлкені әрі табиғаты да аса сұлу. Көрінісі Альпі тауларының пейзажын еске салады. Көлдердің ішіндегі ең кішісі — Жоғарғы Көлсай ағайындылардың ішіндегі ең биікте орналасқаны да. Көл бетінен тау шыңдары қол созымдай жерде тұрғандай көрінеді.