Қазақтардың ата-бабалары бір кездері қалай өмір сүргенін өз көзіңмен көріп сезін, сонымен қатар айрықша мәдениетпен, дәстүрлермен, ежелгі әдет-ғұрыптармен, тұрмыспен және көшпенділердің ежелгі қолөнерімен танысыңыз.

Алматыда атқа мініп, жалғыз немесе достармен бірге таулы үстірттер мен жолдар бойымен ат үстінде серуендеу турына шығу болатын көптеген орындар бар. Сондай-ақ, сіз мұнда көшпенділер бір кездері жетік меңгерген садақ ату өнерінің не екенін іс жүзінде біле аласыз.

Қазақтардың тұрғын үйі – киіз үй (киізден жасалған үй). Көшпенділер Отанының осы символын жасау — нағыз өнер. Мұндай өте қарапайым әрі экологиялық таза жылжымалы үйде өмір сүріп көр. Табиғи, тойымды нағыз қазақ тағамдарының дәмін тат. 

Саяхатшылар мен жергілікті тұрғындардың шынайы таңданысын тудыратын нағыз өнердің тағы бір түрі – жыртқыш құстармен аң аулау. Құсбегі мен бүркітші — бұрынғы заманнан сақталып қалған мұра. Бұл шеберлер үлкен құрмет пен беделге ие болды, олардың өнері мен құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келді және әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Бүгінгі таңда нағыз қазақ қолөнері қарапайым болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде, бұл тарих пен уақытты байланыстыратын көшпенділердің қарапайым, сондай-ақ айрықша өмір салтының негізі. Алматыда түрлі шеберлік сыныптары бар, онда үй бұйымдарының қалай жасалатынын, ою-өрнегі бар дәстүрлі көрпелердің тігілетінін, қазақ ұлттық костюмінің ерекшеліктерін, дәстүр бойынша көшпенділер киімін киюді және тағы басқаларды үйренуге болады. Көшпенділер әрқашан басқа мәдениеттерге ашық және шыдамды болған. Көшпенділер мәдениетін танып біліңіз.