![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2021/12/5a8i8Z44dn7rTRE6B2etNx-1.jpg)
Шығыс тағамдары
Лағманды Алматының наны деуге болады. Оны кез келген уақытта, кез келген себеппен жей береді. Ал «Ас-қазан» қаладағы лағманның ең танымал орталығы ретінде танылғанына 7 жылдан асты. Мұнда лағманның гуйру, суйру, цомян, зазыру, чезыру, тағы басқа 10-нан астам түрі Сізді күтеді. Ерекше ескертеміз, мұндағы тағамдардың бағасы қымбат емес, порциялары да үлкен әрі барлығы да халал.